Қазақстан жемқорлыққа қарсы күресте Орталық Азияны басып озды - ЕҚЫҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorLive» аясында өткен брифингте ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экономика және экология саласындағы ұлттық үйлестіруші Ерлан Бадыхан айтты.

Жемқорлыққа қарсы күрес - басым бағыттардың бірі болып табылады. Жемқорлық - Қазақстанда тамырын тереңге жіберген әлеуметтік теріс құбылыс. Соңғы бірнеше жылда Қазақстан жемқорлықты жою бойынша бірқатар шара қабылдады. Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ кеңсесі жемқорлықтың әрбір кезеңінде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарды қолдады. Бұл ЕҚЫҰ кеңсесінің миссиясы деп айтуға болады, - деді ол.

Бадыханның айтуынша, өткен жылғы жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 94-орынға ие болып, өз позициясын 19 сатыға жоғарылатты.

Біз тек Орталық Азияны емес, Әзербайжан мен Украина, Молдованы басып оздық. 2019 жылы 113-орында болған едік. Осыған дейін 124-орында едік. Біз жыл санап жемқорлыққа қарсы күресте позитивті жағдай қалыптасып жатқанын көріп отырмыз. Оны мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам бірлесе жүзеге асырып жатыр. Бұл үрдісті осындағы халықаралық ұйымдар да қолдап отырғанын көрсетеді, - деді Ерлан Бадыхан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы