Қазақстан «жасыл» энергияны дамытамыз деп шетелден 613 млн доллар алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жаңартылатын энергия саласына шетелден 613 млн доллар көлемінде инвестиция тартқан. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында айтты.
Соңғы жылдары халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдармен бірқатар келісім мен меморандумға қол қою арқылы секторға 240 млрд теңгеге (немесе 613 млн АҚШ доллары) инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізілді. «Жасыл» энергия секторында қазір әлемнің 10 елінен инвесторлар, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Қазақстан даму банкі сияқты ірі қаржы ұйымдары жұмыс істейтінін атап өткім келеді, - деді Нұрлан Ноғаев.
Оның айтуынша, «жасыл» энергия саласына инвесторлар ретінде Эни, Тоталь сияқты ірі мұнай компаниялары келіп, Қазақстанда бірқатар жаңартылатын энергетика жобасын іске асырған.
Олардың осы саланы одан әрі дамыту жөнінде нақты жоспарлары бар. Қаржы-есеп айырысу орталығы қызметін бастаған сәттен бастап жаңартылатын энергетика секторына шамамен 626 млрд теңге тартылды. Ал салынған нысандардан шамамен 81 млрд теңге салық төленетін болады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамаубаев қоластындағылардың не себепті пара алатынын айтты
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы