Қазақстан ЯСЖТШҰ органдарының бірін басқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның өкілі Венадағы Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) басқару органдарының бірінің басшысы болып сайланды.
СІМ хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры Эрлан Батырбеков 2021-2024 жылдар аралығында ЯСЖТШҰ «Б» жұмыс тобының төрағасы болды.
Қазақстанның жеңісі күрделі бәсекелестіктің нәтижесі болып, оның барысында Норвегия мен Парагвайдың өкілдері қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесінде еліміздің сіңірген еңбегі мен дәйекті саясатын мойындап, өз кандидатураларын алып тастады. Бұл ұстаным елімізге әлемде ядролық жарылыстар жүргізу жөніндегі инспекциялық қызметті реттеуге мүмкіндік береді. Барлығы ЯСЖТШҰ халықаралық бақылау жүйесіне әлемнің 185 елінен 302 станция кіреді, - делінген министрлік хабарламасында.
Тәуелсіздіктің және Семей сынақ полигонын жабылуының жылы 30 жылдығында Қазақстанның ЯСЖТШҰ негізгі органдарының бірін басқарғаны символдық сипатқа ие.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық анимациялық фильм Түркияда үздік деп танылды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы