Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы сырттай өтті. Ұйымның жоғарғы басқару органы бірқатар маңызды мәселені қарастырды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Күн тәртібіндегі басты мәселе - Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің жарғысын жаңа редакцияда бекіту. Әлемдік КВИ пандемиясының қазіргі кездегі жағдайын ескере отырып, жарғы Бас ассамблея мен Атқарушы комитеттің онлайн-форматы туралы жаңа ережелер енгізді. Осы тұрғыда Халықаралық Олимпиада комитеті тиісті ұсыныстарын жеткізді.
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің қызметіндегі негізгі басымдық ұлттық құрама мүшелерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға беріледі. Сонымен қатар Бас ассамблеяның жұмысы барысында кейбір федерациялардың мүшелік мәселелері қаралып, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің 2019 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебі бекітілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы