Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі ұшақ жібереді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлады inform.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді, - деді Талғат Уәли.
Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып шықты және үш мемлекетте аялдап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына жетеді. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды.
Біздің құтқарушыларымыздың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үйлестіреді. Сондай-ақ Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады, - деді ресми өкіл.
Еске салсақ, Түркияны бірнеше күннен бері алапат өрт әбігерге салып келеді. Табиғи апат салдарынан елдің қаншама көркем жері, демалыс орындары өртке оранды. Елдің оңтүстігінде 12 орман өртін сөндіру әлі де жалғасуда. Олардың ішіне Анталья мен Мұғла курорттық провинцияларындағы тоғыз өрт кіреді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жойқын өрттен аумақтарды қалпына келтіру үшін Түркияның әр тұрғынына үш көшеттен отырғызуға уәде берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сергей Пономарев «кейрин» бойынша іріктеу кезеңінен өте алмады
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы