Қазақстан-Түрікменстан СІМ басшылары 2021 жылға бірлескен жұмыс жоспарын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар Нұр-Сұлтан мен Ашхабадтың көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген өзара ниетін растады, - делінген хабарламада.
Оған қоса халықаралық және өңірлік ұйымдардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Министрлер алдағы 2021 жылға бірлескен жұмыстың жоспары мен перспективаларын белгіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы