Қазақстан The Economist журналының азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 32-орынға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Агроөнеркәсіп кешені ЕАЭО елдері арасында ең жоғары өсім көрсетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
Былтырғы жыл қорытындысы бойынша АӨК саласында барлық макрокөрсеткіш бойынша өсім бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,7%-ға ұлғайып, 6,3 трлн теңгеге жетті. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім. Сондай-ақ Қазақстанда азық-түлік өндірісі 4%-ға өсті, - деп айтты министр.
Ведомство басшысы баяндағандай, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар ағыны 15%-ға, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 13,5%-ға ұлғайды. Нәтижесінде АӨК инвестицияларының жалпы көлемі жоспардағыдан 154,2 млрд теңгеге асып, 677,2 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар АӨК өндірісінің өсім көлемі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюымен нақтыланды.
Ол 2019 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. АӨК саласында жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін британдық The Economist журналы өткізетін Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингі де растады. Онда Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 позицияға көтеріліп, әлемнің 113 елінің арасынан 32-орынға ие болды, - деп түсіндірді Сапархан Омаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АШМ: Қазақстанда ет өндірісі өсіп келеді
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы