«Қазақстан темір жолы» ғимаратының шатырын жел ұшырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Бұланды ауданында қатты жел «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Әкімшілік ғимаратының төбесін жұлып әкетті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 7-сінде сағат 09:30-да Бұланды ауданының Макинск қаласында теміржол станциясының кезекшісінен қатты желдің салдарынан «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Әкімшілік ғимаратының аумағы 100 шаршы метр шатыры бұзылғандығы туралы хабарлама түсті.
Зардап шеккендер жоқ. Шатырға жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілді, - деп атап өтті ведомство.
Айта кетсек, Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23-28, кейде 30 м/с жететінін, ал ауа температурасының 0-2 жылудан 11-13 аязға дейін төмендеуін болжаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы