Қазақстан сұйытылған газдың электрондық сауда-саттығына толығымен көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұйытылған мұнай газын (СМГ) өткізу 2022 жылғы қаңтарда электрондық сауда-саттыққа толығымен көшеді деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол үшін Қазақстан «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға тиісті түзетулер қабылдады.

Осы түзетулер шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен сұйытылған мұнай газын 2021 жылдың соңына дейін СМГ-ны өткізудің жалпы көлемінен 80% - ға дейін ЭСА-ға кезең-кезеңімен көшіру көзделген график келісілді, - деді Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларға және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған газды тұтынатын абоненттерге ерекше жағдай жасалады.

Биыл шілдедегі жағдай бойынша СМГ көлемінің 50%-ы тауар биржалары арқылы өткізіледі.

Бұдан басқа, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институтын жою көзделуде.

Қарағаевтың айтуынша, электронды сауда-саттыққа көшу саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады және ТМД-да экономикалық негізделген баға белгілеуді қалыптастырады, бұл өндіруші зауыттарды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Биржада сату нарықтағы мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етеді және сұйытылған газдың көлеңкелі экспортын болдырмайды деп болжануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы