Қазақстан спортын трансформациялау кеңсесі құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада аяқталған соң, еліміздің спорт саласы «өсу дертін» жеңіп, трансформация кезеңіне өтті. Бастамашысы – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
Аталған министрлікте «Қазақстан спортын трансформациялау» жобалық кеңсесі құрылып, оны басқаруға жоба жетекшісі Қамбар Омаров тағайындалды. Трансформация жобасының жұмыс органы құрылды, оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сондай-ақ Тұрсынғали Еділов, Василий Жиров, Александр Винокуров, Елдос Сметов, Ислам Баймұханова, Юрий Мельниченко, Айдар Махметов, Бақтияр Артаев сынды атақты спортшылар мен жаттықтырушылар кірді. Команданың құрамында 55 адам бар. Жобаның мақсаты – салауатты әрі спортпен айналысатын ұлтты жаңғырту.
Бүгін AstanaHab залында өткен «Қазақстан спортын трансформациялау» жобалық кеңсесінің таныстырылымына 50-ден астам қатысушы келді. Олар жұмыс үшін болашақтың бағытын түсіну, қазақстандық спорттың даму сатысының қай кезеңінде екенін білу мақсатымен қатысты. Қатысушылар арасында: депутаттар, әлем чемпиондары, спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері бар. Таныстырылым барысында даму жолындағы басты қадамдарды айқындайтын шаралар талқыланды.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жобалық кеңсенің таныстырылымында сөз алып, Токиода өткен Олимпиаданың нәтижесін үздік деуге әлі ерте екенін айтты.
Ақтоты Райымқұлова ең алдымен әр спорт түріне терең талдау қажет екенін де айтып, назардан тыс қалдырған жоқ.Қазір бәріміз де күтілетін нәтиже мен сұраныстың артқанын сезінеміз. Дегенмен қай-қайсымыз да спорттық әлеуетіміз бар екеніне сенімдіміз, оны тек дамыту қажет, – деді министр.
Бұдан әрі қарай министр нақты ұсыныстарын айтты.Біз Олимпиадада неліктен төмен нәтиже көрсеткенімізді, оның нақты себебін анықтауымыз керек. Талдау нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстанда спорттың толық трансформациясын қалай тиімді құру болатынын түсінеміз. Біз үлкен мақсат- міндеттерді белгіледік, енді оларды бәріміз бірге жүзеге асыруымыз керек. Өз қызметіміздің аспектілерін жақсарту үшін әрекетке көшуіміз қажет, – деді министр.
Спорт жобаларының үйлестірушісі, МСМ жобалық кеңсесінің дене шынықтыру және спорт жөніндегі жобалар тобын іске асыру жетекшісі Ерназар Бексұлтанов жобалық кеңсенің егжей-тегжейлі таныстырылымын жасады.Бізге адамның әл-ауқаты мен денсаулығына нұқсан келмейтіндей тұтас трансформация қажет, жаңа технологияларды қолдануымыз керек, – деп түйіндеді министр.
«Қазақстан спортын трансформациялау» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, ұлттық жобалық кеңсенің жетекшісі Арман Евниев жобаларды басқарудың жай ғана құрал екенін, бұл өз алдына жеке мақсат емес екенін айтты.Жобалық кеңсе мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бастамасымен іске қосылды. Жол картасына сәйкес, алдымызға міндеттер қойдық және нақты бағдарлама бойынша жобалық басқаруды жүзеге асырмақпыз. Ол не береді? Нәтиже. Біз қандай нәтиже күтеміз? Біз соңғы тиынға дейін пайдаға асырып, барлық шығынды бақылауымыз керек. Сапасы. Мерзімдерді сақтау. Мұны кешіктірмеуіміз керек. Салаға жобалық басқаруды енгізу кезінде тиімділік коэффициенті тұтастай көрінеді. Бізде қандай құрал бар? Бұл – нақты міндеттер. Яғни жобалық басқаруға әр ұйымның мақсаттары мен бюджеттік жоспарлау міндеттерін енгізу. Біз жобалық басқарманың жоспарлау, аймақтық басқармаларды бақылау, жедел басқармалардың тізілімін қалыптастыру сияқты барлық бағытта болғанын қалаймыз. Мұның көрсеткіші – әр аймақта спорт нұсқаушысы болуы. Портфельдік басқару, оны теңдестіру және мониторинг жүргізу – басшы барлық бөлімде не болып жатқанынан хабардар болып, тапсырмаларды көріп білетін күнделікті кездесу мен бақылау жұмыстары. Нәтижесінде 100% икемді, тиімді айқын құрылым. Ол тек спортты басқару жүйесін ғана емес, барлық мүдделі тараптарды: білім, денсаулық сақтау, ақпарат және әлеуметтік даму министрліктерін қамтиды. Токиода халықаралық ассамблея өтіп, олар да трансформация жасады,-деді ол.
«Жобалық менеджмент – мақсатына халық денсаулығы, бұқараның көпшілік дене шынықтыруы, спорттағы жоғары жетістіктер кіретін құрал. Негізінде бұл – ынталандыру. Біз жобаны басқаруды құрал ретінде қарастырамыз, ал жобалық кеңсе – бұл бәрі ашық өтетін айқын алаң. Біз алға қойылған мақсаттарды келісіп, алға жүріп келеміз. Бұл – 2025 жылға дейінгі қоғамды дамытудың ұлттық жоспарын жүзеге асырудың құралы. Ендігі міндет – қоғам мен мемлекеттің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру. Иә, ақша бөлінгенде, тиімділіктің негізгі көрсеткіштері шыққан кезде артта қалушылық болды, дегенмен тұтастай алғанда бытыраңқылық болды.
Жобалық менеджмент бізге нақты портфель – бағдарлама туралы түсінік береді. Мысалы, жоғары жетістіктер спортын алайық, мұнда әр бағдарлама жобалар тобына бөлінеді. Бірақ бірыңғай стратегия бар және әр жоба, сайып келгенде, біртұтас пазлға айналады. 10 стратегиялық басымдық және 18 индикатор бар.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың даму жоспарлары. Мұндай типтік құрылым әрбір орталық және жергілікті органда бар. Барлық министрлік, барлық агенттік осы құрылыммен жұмыс істейді. Типтік ереже бар. Жоғарыдан және әр ауылға дейін барлық мәселе қаралады. Нормативтік база бар және сол бойынша жұмыс істеу қажет. Әкімнің әр орынбасары өзіне сеніп тапсырылған индикаторға жауап береді.
Міне, жобаны басқарудың революциялық әдісі – скрам-график. Апталық спринт қолданылады. Аптасына бір рет біз барлығымен байланысқа шығамыз. Қазақстанда 160 федерация бар, жобалық кеңсеге біз тек олимпиадалық спорт түрлері бойынша енгіздік. Бұл ХҚКО сияқты жұмыс істейді, біз заңнамалық тетіктерді, қаржыландыруды әзірлейміз.
«Қазақстан спортын трансформациялау» жобасының жетекшісі, CSI group консалтинг компаниясының басқарушы серіктесі, «ҚазАқпарат» директорлар кеңесінің мүшесі, МСМ жобалық кеңсесінің ахуалдық-талдау орталығының басшысы Қамбар Омаров ақшаның қайда түсіп жатқанын анықтау қажеттігіне назар аударды. Оның пікірінше, стратегиялық басқаруды енгізе отырып, заңнаманы жетілдіру қажет. Бүгінде 7 бағыт әзірленді.
Vista спорт клубы ЖШС бас директоры Александр Разниковтың айтуынша, жекеменшік спорт мектептерін көбірек ашу керек. Оның мектебінде балалар тегін футбол, баскетбол ойнап, тауға өрмелеуге жаттығады. Александр Разников жасөспірімдер спортында жетістіктер болуын міндеттеу керек деп санайды.
Ол сондай-ақ инфрақұрылым мәселесін қозғады. Инфрақұрылымның жоқ екенін алға тартты. Көптеген балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері іріктеуден өтпеген балаларды қабылдайды.
Талқылау барысында тағы бірнеше ұсыныс келіп түсті. Олардың бірін Даму стратегиясы мен сыртқы байланыстар жөніндегі жобалар тобының жетекшісі, Қолданбалы этнополитикалық зерттеулер институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі, саясат ғылымдарының кандидаты Талғат Қалиев айтты.
Ол демалыс күндері де фитнес-клубтардың жұмыс істеуін ұсынды. Оның пікірінше, еңбек пен қорғанысқа дайындық нормаларын қайта жаңғыртып, жаппай спортпен айналысуға ынталандыру қажет. Белгі иегерлері үшін университетке грант алу кезінде артықшылықтарды қарастыру да керек. Бұдан әрі Талғат Қалиев медициналық сақтандырудың пайдаланылмаған ақшасын тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың спортпен шұғылдануы үшін жеке спорт клубтарына көмекке жіберуді ұсынды.
ҚР ҰОК Ұлттық спорт түрлері дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов 2018 жылы барлық өңір бойынша проблемаларға және оларды шешу жолдарына талдау жүргізілгеніне назар аударды.
Әңгімелесуді қорытындылай келе, Мәдениет және спорт министрі Жобалық кеңсе қысқа мерзімде ғана емес, келешекте де өз нәтижесін беретініне сенім білдірді.Біз бұқаралық спорт пен спорт резервтерін дамытуға мүдделіміз. Неге біз ауылдық жерде спортшыларды дайындайтын, ауылдық жарыстар өткізетін республикалық ауылдық клуб құрмаймыз? – деді ол.