Қазақстан сайлауға жақсы дайындалған – түркиялық байқаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркия Республикасы Ұлы ұлттық жиналысының депутаты, «Iyi» партиясының өкілі, ЕКПА мүшесі Зеки Хакан Сыдалы Қазақстандағы өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікірін білдірді. 


Мен Қазақстандағы сайлауды байқау мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл. Қазақстан өте қиын жолдан өтті. Осы 30 жылдың ішінде мемлекеттің іргесі нығая түсті. Реформалар 30 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оның сәтті орындалып жатқанын көріп жүрміз. Бұрынғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде басталған бұл процесс қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезінде жалғасып жатыр. Қазақстан тұрақтылық пен даму тұрғысынан бірінші орында тұр деп айта аламыз,- деп атап өтті тәуелсіз сарапшы.

Ол  сайлау арқылы адамдар өздерінің демократиялық таңдауларын жасайды. Болашақта сөз еріндігі және басқа бостандықтар мен құқықтар сақталады деп үміттенетінін айтты. 


Оппозицияның мүшесі ретінде оппозицияның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Сайлаудан кейін Парламентте оппозиция көбірек орын алады деп үміттенемін, - деді Тұғырыл Чамаш.

Ол бұл сайлау ауа-райының қолайсыз кезінде әрі пандемия жағдайында өтіп жатқанын тілге тиек етті.


Пандемия жағдайында сайлауды ұйымдастыру өте қиын. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан сайлауға жақсы дайындалған. Барлық санитарлық салаптар сақталған. Адамдар дауыс берген кезде қашықтық сақтайды. Одан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға арнайы жәшік бар. Бұған қатты қуандым. Сондай-ақ біз басқа елдер мен Қазақстанның байқаушыларымен сөйлесе алдық. Өзіміздің сайлаудың қалай өтіп жатқанына бағамызды бердік. Халықтың түрлі топтарының айтарлықтай жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрдік. Сонымен қатар сайлаудың демократиялық түрде өтіп жатқанын, адамдардың өз пікірін білдіруге мүмкіндігі бар екеніне көзімізді жеткіздік. Барлығы тиісті түрде өтіп жатыр. Кешке дейін күннің бәрі осы қарқынмен өтеді деп сенемін. Бұл Қазақстанның демократияға қарай жасаған маңызды қадамы болады, - деді Түркия Республикасынан келген халықаралық байқаушы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы