Қазақстан-Ресей шекарасының бірлескен учаскелерін қорғау мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 7-9 қыркүйек аралығында Қазақстан мен Ресейдің шекара ведомстволары арасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бейресми кездесу өтті.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстандық делегацияның құрамында Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бірінші басшысы полковник Әлібек Қайыпов пен офицерлер «Нұрсұлтан» кемесімен Ресейдің Астрахань портына сапармен барды.


Кездесу барысында Мемлекеттік шекараның бірлескен учаскелерін қорғау мәселелері талқыланды, ведомстволар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ оқу іс-шаралары өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты - Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіру.


Бірлескен талқылаулар барысында шекаралық кеңістіктегі ықтимал қауіптер мен қатерлер белгіленді және оларға қарсы тұрудың оңтайлы әдістері мен тәсілдері қарастырылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы