Қазақстан – Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі кезекте тұрып қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан – Ресей шекарасында орналасқан «Сырым» өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстаннан шығуға 350-ден аса жүк көлігі жиналып тұр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.
Қалыптасқан жағдай шекаралас мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуіне байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін «технологиялық өтуді» міндетті түрде ұсынуды талап ету), – делінген хабарламада.
Ресейден Қазақстанға келе жатқан Ресей Федерациясының «Маштаков» іргелес өткізу пункті ауданында да осындай жағдай қалыптасқаны ескертті. Онда 400-ден аса көлік кезекте тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтуде
Өзгелердің жаңалығы