Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-9 сәуір күндері Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жетінші отырысы өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Тараптар демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін белгілеуге және осы жылы дала жұмыстарының басталуына байланысты мәселелерді талқылады.
Келіссөздер достық және сындарлы атмосферада өтті.
Комиссияның келесі отырысы 2021 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты
Өзгелердің жаңалығы