Қазақстан партиялары үгіт-насихат жұмыстарын қашан бастайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 21 қазанда Ортсайлауком қаулысымен партиялық тізім нысаны белгіленді. Тізім нысаны электрондық және қағаз түрінде ұсынылады. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.
Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 00:00-де аяқталады. Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін бірыңғай тәсілдер үгітті бір уақытта бастауға және үгіт кезеңін 5 күнге арттыруға мүмкіндік береді, – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев.
Ал 5 қарашада Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров кезекті сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 30 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталатынын хабарлады.
Мәслихаттар депутаттарын ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-де аяқталады. Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы – яғни съезд мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі, - деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
11 қараша – Халықаралық энергия үнемдеу күні
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы