14 Қараша 2021 2021, 16:05
Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8-12 қарашада Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.8-12 қарашада Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді жалғастырды. Отырыс барысында шекараның жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізілді.
Келесі отырыс 2021 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.