Қазақстан-Өзбекстан арасындағы шекараны межелеу комиссиясының отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 12-17 қараша аралығында Гүлстан (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Комиссия Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстанмен шектес Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды.
Комиссия отырысы барысында 2020 жылғы мамырда Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы себебінен бүлінген шекаралық бағаналарды қалпына келтіру мақсатында Өзбекстан Республикасының Сырдария және Жизақ облыстарымен шектес Қазақстан Республикасының Түркістан облысы шегіндегі Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін далалық зерттеу жүзеге асырылды, - делінген министрлік хабарламасында.
Келіссөздер достық және сындарлы жағдайында өтті.
Келесі отырыс Қазақстан Республикасында 2020 жылдың желтоқсан айында жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев 2022 жылы елде өтетін Азия кеңесінің VI саммитіне дайындық мәселелерін талқылады
Келесі жаңалық
Астана Дүниежүзілік туристік альянсқа мүше болды
Өзгелердің жаңалығы