Қазақстан өз вакцинасы бар әлемдегі алты елдің бірі – Ералы Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы кітапханасында медицина қызметкерлерімен салтантты кездесу кезінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның өз вакцинасын өндіре алуы - үлкен жетістік. Өйткені әлемде ондай елдер саусақпен санарлық. Қазақстан өз вакцинасы бар алты елдің қатарына кіреді.

Көпшілік Қазақстанның вакцина өндіргеніне таңырқап қараған да шығар. Алайда біз мұны мақтаныш етуіміз керек. Және бүгін отандық вакцина өндірісіне үлес қосқан ғалымдарға алғыс білдіруге тиіспіз, - деді Ералы Тоғжанов.

Ол өз атынан вакцина өндірісіне өлшеусіз үлес қосқан Күнсұлу Закарья, Леспек Күтімбетов, Берік Хайруллин, Мұхит Орынбаев, Мархаба Қасенова және өзге де ғалымдарға алғысын білдірді.

Ералы Тоғжанов, сонымен қатар, елімізде клиникалық зерттеуге рұқсат алған екінші отандық вакцинаға қатысты пікірін білдірді.

Екінші отандық вакцинаның дайындалатыны өте қуанышты жаңалық. Күні кеше QazCoVac-P атты суббірлікті вакцинаның клиникалық зерттеуі басталды. Осылайша, оған клиникалық зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл - елімізде екінші отандық вакцина өндірісіне мүмкіндік тудырған біздің ғылыми медицина мен ғалымдарымыздың жетістігі, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы