Қазақстан мұнай экспортын арттырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтарда шикі мұнай экспорты 6,4 млн тоннаны құрады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады. 

2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда жеткізулер 29,9%-ға артты. Ағымдағы жылдың бір айында аталған өнім экспортынан түскен табыс 3,3 млрд долдарға дейін 40,5% өсті. 

Қаңтар айында Италич 981,9 млн долларға 1,8 млн тонна қазақстан мұнай сатып алса, Франция - 1 млн тонна ($527,6 млн), Швейцария - 718,2 мың тонна ($340,3 млн), Нидерланды - 438,4 мың тонна ($237,7 млн) сатып алған. 

Корея - 227,9 млн долларға 442,7 мың тонна, Испания - 191,3 млн долларға 353,1 мың тонна, Малайзия - 142 млн долларға 251,0 мың тонна, Қытай - 118,3 млн долларға 230 мың тонна мұнай сатып алған. 

Сол сияқты, Қазақстан Грецияға 189,2 мың тонна ($92,4 млн), Түркияға - 175,9 мың тонна ($90,7 млн), Сингапурге - 163,5 мың тонна ($78 млн), Румынияға - 160,2 мың тонна ($90,3 млн) мұнай жеткізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы