Қазақстан мен Жапония СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапон тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэгимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

Сұхбат барысында Мұхтар Тілеуберді COVID-19 індетімен күрес аясында жапон тарапының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді. 

Тараптар 2020 жылғы тамызда бейнеконференция форматында өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы сыртқы істер министрлері отырысының нәтижелерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 

Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестіктің әлеуетін ескере отырып, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа негізделген сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі белсенді нығайту жолдарын айқындап, қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әрекетті жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы