Қазақстан мен Түркияның әскери жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Түркия Республикасы қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери білім шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастық аясында Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Түркия Ұлттық қорғаныс университетіне барды.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстан делегациясы Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери білім беру жүйесімен, оқу-материалдық базасымен танысты. Тараптар екі елдің әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады, - делінген хабарламада.
Сапар қорытындысы бойынша Әскери оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жиһаз жасаудың машақаты: Адамды «автоматтандырған» технология
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы