Қазақстан мен Түркіменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркіменстан тарапының бастамасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркіменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы СІМ ресми сайты хабарлады.   

Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түркімен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. 

Биыл 6 тамызда Түркіменбашы қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. 

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы