Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі Батыр Реджеповпен кездесу өткізді.

Министр елшіні Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған жауапты қызметіне табыс тіледі.
Қазақстан тарапы Түркіменстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте бақылаушы болу туралы шешімін құптайды, - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның төрағалығы кезеңінде АӨСШК қатысушыларының кеңеюі осы ұйымның беделінің артқандығын айғақтайды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. Өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдары қаралды.
 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы