Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдайды және қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін талқылады, - делінген хабарламада.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары Душанбе қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің алдағы уақытта өтетін кеңесіне байланысты мәселелерді де қозғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы