Президент Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорданың ресми сайтында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Келісімге 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Анкарада қол қойылды. Негізгі мақсаты – екі ел арасындағы тең құқықтық және өзара тиімділік принципі негізінде ұзақмерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту.
Келісім аясында әскери даярлық пен оқу, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, картография, гидрография, топогеодещиялық қамтамасыз ету, әуе кеңістігі арқылы әскери жабдықты тасымалдау, медициналық көмек көрсету, юрисдикция, сонымен қатар бұған дейін қамтылмаған басқа сұрақтар қамтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иманғали Тасмағамбетовтың анасы қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы