Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз әл-Фалихпен кездесу өткізді.
Кездесуге Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ARAMCO, SABIC, ACWA POWER, Aljomaih Energy and Water Company және Desert Technology сияқты ірі саудиялық компаниялар қатысты.Кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы, атом энергетикасы және мұнай-газ секторы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласында бірлескен инвестициялық жобаларды құру бойынша ұсыныстармен алмасуға келісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы