Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспийде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуы аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясының Каспий флотилиясы арасындағы бірлескен оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде экономикалық қызмет объектілерін күзету мен қорғауды жоспарлауда штабтардың іс жүзіндегі іс-қимылдары пысықталды. Екіншіде – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кемелердің іс-қимылы, ал үшінші кезеңде осындай іс-қимыл Каспий теңізінің ресейлік су айлағында орындалды. 

Экипаждар ауқымды практикалық тәжірибе жинақтап, жоғары ептілік көрсетті. Жауынгерлік іс-қимыл аудандарына кемелерді күшейту кезінде тралдарды алып өтудегі іс-қимылдар, теңізбен өту кезінде корабльдерді күзету мен қорғау, сондай-ақ әуе қарсыласымен, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппарттарымен күрес жүргізу, қарсыластың кемелері мен катерлерінің, оның ішінде шахид-катерлердің шабуылын көрсету пысықталды, - деді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов. 

Әскери теңізшілер су үсті және әуе нысаналарына артиллерия мен зымыран қаруынан жауынгерлік оқу-жаттығу атыстарын орындады. 

Каспий теңізінде әскери-теңіз күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы мамырдың 19 мен 25 аралығында өтті.
 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы