Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселесін талқылауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының 11-ші  отырысы өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының дүние жүзіндегі ең ұзын шектесетін шекараларымен ғана емес, сонымен қатар көптеген  ортақ өзен ағындары – Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек, Қиғаш, Қараөзен және Сарыөзен (Үлкен) сияқты трансшекаралық өзендері бар.


Бүгінгі конференцияда Қазақстан мен Ресей арасындағы су қатынастары 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімнің негізінде келіссөз жүргізіледі. 

Осы келісім шеңберінде трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясы сондай-ақ, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қараөзен және Сарыөзен, Қиғаш өзендерінің бассейндері бойынша 6 жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. 



Бірлескен комиссияның жұмысы тараптардың тең төрағалығымен жүзеге асырылады. Осы жұмыс аясындағы екі елдің басшыларының пікірі тыңдалады. 

Сонымен қатар тараптар биылғы көктемгі су тасқынының өтуі, су қоймаларын толтыру және халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жағдайлары, гидротехникалық құрылыстарды кешенді пайдалану, ластану мен сарқылудың алдын алу туралы ақпарат алмасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы