Қазақстан мен Мысыр екіжақты келісімге қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египет тарапының шақыруы бойынша, 2021 жылғы 5-7 ақпанда Египетте жауапты Қазақстан-Мысыр сауда-инвестициялық бизнес-форумы өтті. Оған 300-ге жуық адам қатысты.

Еске салсақ, 2019 жылғы 6 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Мысыр бизнес-форумы өтті. Оған екі елдің 100-ден астам бизнес өкілі қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегацияны Қазақстанның 13 өңірінен 60-тан астам қазақстандық компания, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдерін таныстырды. Мысыр тарапынан форумға бизнес-қоғамдастықтың 200-ден астам өкілі, сондай-ақ Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарик әл-Уасими, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы генерал Халед Фуда, Мысыр сауда палаталары Федерациясының басшысы Ибрахим әл-Араби қатысты.

ҚР-ның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифтің айтуынша, қос тарап екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың деңгейін одан әрі арттыру үшін өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыруға ниетті.

Қазақстан Египетті Африканың «қақпасы» ретінде қарастыра отырып, Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесі мен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның көмегімен экспортты ілгерілетуге дайын. ЕАЭО-ға мүше елдер мен Мысыр арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою қазақстандық өнім экспортын ұлғайтуға қосымша серпін береді. Бұл халқы 100 млн адамнан асатын Мысыр нарығына жол ашады, - деп атап өтті Қайрат Лама Шариф.

Спикерлердің айтуынша, өнімнің қымбаттауы және екі ел арасындағы сауда қарқынының баяулауы мемлекеттердің географиялық алыстығына байланысты. 


Алайда ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, осыған қарамастан, Қазақстан тауар айналымын 4 есеге жуық ұлғайтуға мүмкіндігін көріп отыр.

Бұл тұрғыда отандық компаниялар 300 млн долларға жуық сомаға сапалы тауарлар ұсына алады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мысырлық компаниялар өздерінің экспортқа бағдарланған өндірістерін Қазақстанда орналастыра алады. Бұл бағыт үшін мұндай жобаларды жеңілдікпен кредиттеу, экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, тауарларды тасымалдауға және сервистік қолдауға арналған шығындарды өтеу көзделген. Бұдан басқа жақын арада Қазақстан отандық өнімді шетелдік сатып алушылар үшін пайыздық мөлшерлемені CIRR деңгейінде субсидиялайтын болады. Басқаша айтқанда, бұл көрсеткіш ай сайын негізде ЭЫДҰ Хатшылығы белгілейтін пайыздық мөлшерлеме бойынша саналады, - деді Қайрат Төребаев.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру Мысыр Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алдағы алғашқы ресми сапарымен және екі ел арасында кезекті саяси және консулдық консультациялар өткізумен байланысты. Бұл туралы өз сөзінде Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарик әл-Уасими айтты.

Іс-шара барысында «Қазақстанда жасалған» әмбебап көрмесі ұйымдастырылды, онда қазақстандық өндірушілердің, оның ішінде Африка құрлығына экспорттайтын компаниялардың өнімдері ұсынылды. Сонымен қатар отандық және мысырлық компаниялар арасында екіжақты В2В келіссөздер жүргізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар экономикалық құжатқа қол қойылды.

Осылайша, қазақстандық компаниялар Мысыр нарығына 3 млн-ға дейін ұлғайту перспективасымен 1 млн дана көлемінде бөтелкедегі суды жеткізу, қазақстандық кәсіпорын нгегізінде фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді шығару, сондай-ақ Қазақстан аумағында мыс кен орнын сатып алу туралы уағдаласты.

Аталған форум мысырлық бизнесмендердің шикізаттық емес сектордың қазақстандық тауарларына қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етіп, отандық тауар өндірушілер мен әлеуетті мысырлық сатып алушылар мен инвесторлар арасында тікелей байланыстарды жолға қоюды, өнімнің сапалық және бағалық көрсеткіштері бойынша ақпарат алмасуды қамтамасыз етті. 

Екі ел арасында тұрақты сауда миссиялары мен кездесулерді өткізу туралы шешім қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы