Қазақстан мен Малайзия ғылым саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Малайзиядағы Елшілігінің көмегімен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Малайзияның мұнай-газ саласындағы жетекші жоғары оқу орны болып табылатын «Petronas» технологиялық университеті арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың онлайн-рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова және «Petronas» технологиялық университетінің ректоры Мохамед Ибраһим қатысты.
Меморандум шеңберінде білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда, студенттер мен оқытушылар екі университеттің ғылыми-техникалық базасына, зертханалар мен кітапханаларына қол жеткізе алады, ғылыми бастамаларға тұрақты қолдау көрсетілетін болады, сондай-ақ екі университеттің ғалымдары мен оқытушылары арасында тәжірибе алмасу үшін түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.
Айта кететін жайт, бұған дейін Елшілік ұйымдастырған келіссөздердің және олардың нәтижесінде университеттер арасында жасалған келісімдерге сәйкес, Атырау мұнай және газ университетінің 5 студенті 2020 жылғы 30 желтоқсанынан бастап «Petronas» технологиялық университетінде алмасу бағдарламасы бойынша білім алуда.