Қазақстан мен Қырғызстан жер сілкінісін хабарлайтын бірлескен платформа бойынша жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
Біз қазір Қырғызстанның ТЖМ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып жатырмыз. Осы күндері біздің қызметкерлер жұмыс іссапарын жасады. Біз Алматы маңындағы барлық сейсмологиялық датчиктерді біріктіреміз. Олар әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алматы әкімдігі ол жүйе Қырғызстанмен бірлесіп жүргеніне мүдделі. Себебі жер сілкінулер Қырғызстан тарапында болады, - деді Ильин.
Министр айтқандай, «Darmen» платформасындағы жұмыс 2 айға созылады.
Біз осылайша, 6 балдан жоғары жел сілкінісі болған кезде «Darmen» платформасы халыққа хабар береді. Эпиорталыққа қатысты халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік болады, - деді ол.
Министр атағандай, қазір мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың жалпы саны екі жүз мыңнан астам адамды құрайды, тек 2020 жылы 90 мыңнан астам адам тіркелген.
Осыған байланысты барлық қазақстандықты «Darmen» тегін қосымшасын белсенді пайдалануға шақырамын, - деді ол.