Қазақстан мен Италия әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Италияның қорғаныс министрліктері халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің өкілдері полковник Олжас Құсайынов пен полковник Лука Витали кездесті.
Тараптар әскери ынтымақтастық, оның ішінде бітімгершілік қызмет, әскери білім беру, сондай-ақ әскери-теңіз шеңберіндегі ахуал мен перспективаларды талқылады.
Штабтық келіссөздердің қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Сапар аясында Италия делегациясы Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Делегация басшысы университет тыңдаушыларына халықаралық геостратегиялық мәнмәтіндегі Италия қорғаныс позициялары жөнінде дәріс оқыды. Шетелдік қонақтарға Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көшпенділер рухын қайта жандандыратын жаңа жоба басталды
Өзгелердің жаңалығы