Қазақстан мен Индонезияда қашықтан оқыту бойынша көрініс ұқсас – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Промоно журналистермен кездесу барысында айтты.
Индонезия елшісі Рахмат Промоно Қазақстан мен Индонезияда қашықтан оқыту бойынша көрініс ұқсас екенін айтты.
Сондай-ақ елші пандемия туризм саласына да айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.Қазір індетке қатысты жағдай тұрақтана бастаған соң онлайн мен офлайн форматы кезектесіп өткізіліп жатыр. Индонезияда 17 мың арал бар. Бұл барлық өңірде интернет бірдей бола бермейді деген сөз. Кейбр ауылдарда онлайн жүйе енгізу өте қиын. Себебі интернет қолжетімсіз, - деді Рахмат Промоно.
Айта кетейік, Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Промононың Қазақстандағы миссиясы жақында аяқталады. Ол Қазақстанда елші болып 4 жыл қызмет атқарды.Индонезияда негізгі табыс көзі туризм болып саналады. Бұл саланы әлі де өзгерту ойда жоқ. Себебі келетін кірістің негізгі үлесі осы салаға тиесілі. Келесі жылдан бастап туризмді жандандыру жұмыстары қолға алынады, - деді елші.