COVID-19: Қазақстан мен Беларусь арасындағы жолдастық кездесу өтпей қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шайбалы хоккейден Қазақстан мен Беларусь арасындағы жолдастық кездесу коронавирусқа байланысты өткізілген жоқ деп жазады Olympic.kz.
Кездесу сенбі күні өтуі тиіс болатын. 14 мамыр күні Қазақстан командасы делегациясы өкілінен коронавирус анықталды. Қайта алынған тест те инфекция барын растады. Қазақстан командасының барлық мүшесі қосымша тестілеуден өтті. Тест нәтижесі бойынша ұйымдастыру комитеті команданың Ригада жаттығуына мүмкіндік берді. Бірақ Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізілмейді.
Еске сала кетейік, жолдастық кездесу 21 мамыр мен 6 маусым аралығында ұйымдастырылуы тиіс еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістандық түлектер бір жанұяға баспана сатып алып берді
Өзгелердің жаңалығы