Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қаржы айналымына бақылау күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ақша ағынына мониторингті күшейтті.

Бұл туралы Агенттік төрағасы Жанат Элиманов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҚББ басшыларының қатысуымен өткен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырысында мәлімдеді.

Ағымдағы жылы Қазақстаннан Ауғанстанға ақша қаражатының ағыны 68%-ға төмендегені байқалады.

Ақша аударымдарының негізгі бөлігі алдымен қажетті тауарлар экспортымен және көлік қызметтерімен байланысты.

Тәуекелдерді азайту үшін Ауғанстанмен барлық ақша аударымдарына жоғары тәуекел деңгейі берілді.

Бұл бағытта елдер арасында ақша қаражатын аударуды жүзеге асыратын қаржылық мониторинг субъектілеріне бақылау күшейтілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің талабы бойынша екінші деңгейлі банктер мен төлем ұйымдары клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін тексеру шараларын ұлғайтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы