Қазақстан мен АҚШ халықаралық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Гросспен бейне-конференция арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Сұхбат барысында тараптар халықаралық қауіпсіздік, таратпау режимін нығайту және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын талқылады.
Л. Гросс Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық алға басатынына сенімілігін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ЕО су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі
Өзгелердің жаңалығы