Қазақстан медиаторлары халықаралық дауларды шеше бастады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында Халықаралық медиация орталығының заңгер-медиаторы Ғалия Қабушева медиацианың заң аясында қолданылуы жайлы айтып берді. 

Оның айтуынша, қазір ТМД елдері арасында медиация әсіресе Қазақстанда жақсы дамып жатыр. Ол қылмыстық, азаматтық істер бойынша және сотқа дейінгі дауларды шешуде қолданылып жатыр. Бұл әсіресе қылмыстық іс бойынша өте тиімді көрінеді.  

Өйткені қиындыққа байланысты қазір жастар түрлі қылмыс жолына түсіп жатады, яғни жастықпен алды-артын ойланбай қателік жібереді. Сондай кезде олар медиацияға жүгінсе соттық іске тартылғандығы кешіріледі. Іс полицияға келіп түскен соң 68-бап бойынша тараптарға өзара келісуге мүмкіндік беріледі. Егер олар татуласса сотқа бармай-ақ іс жабылады. Сол сияқты медиация жеңіл және орта дәрежелі қылмыстық істерде де қолданылады. Сондай-ақ жәбірленушінің моралдық шығынын өтеймін деген жағдайда ауыр қылмыста да қолданылады. Мұндай кезде сот үкім шығарарда оны ескереді. Өйткені ол өз кінәсін мойындап, моралдық шығынды өтеді, сол себепті жазасын жеңілдетуі мүмкін, - дейді мидатор.  

Сонымен қатар ол алиментке қатысты да медиацияны қолдануға болатынын айтады.  

Көптеген ана алимент ала алмай жүр, біз екі жақты бір шешімге келтіріп осы мәселені шешіп жатырмыз. Мәселен, ер адамның бір миллион алименті жиналып қалса, ол ай сайынғы 25 мың теңгесін және үстіне қалған қарызын 30-40 мыңдап банкке төлегендей етіп төлейді. Медиацияда шешімді екі тарап ерікті түрде өздері шығарады. Мәселен сотта дауды сот қана шешеді, жауапкершілік соған артылады. Ал медиацияда жауапкершілік екі тарапқа артылады, олар мәселені келісе отырып өздері шешеді. Медиатор соларға куәгер ретінде тартылады,-дейді ол.  

Медиатор осыдан 3 жыл бұрын халық медиацияны жөнді түсінбегенін, қазір көпшілік сотқа бармай-ақ осы медиация арқылы дауды шешкісі келетінін айтады. 

Көбінде халық сенімхат бойынша қарызды қайтаруға, алимент мәселесін, балалардың тұрғылықты жерін шешуге, ажырасқан ерлі-зайыптылар мүлікті бөлісу бойынша, ажырасқан соң баланы асырауға қалай көмектеседі және тағы басқа мәселелер бойынша жүгінеді,-дейді Ғалия Қабушева. 

Сонымен қатар ол Халықаралық деңгейде де медиация жасап жүргенін жеткізді. 

Сот МФЦА деген бар, ондағы дау Англия судьяларының қатысуымен шешіледі. Біз сол МФЦА-мен меморандумға отырып, солармен жұмыс істеп жатырмыз. Бізде көптеген әйел шетелдікке күйеуге шыққан немесе олар Қазақстанда жұмыс істеген уақытта бірге тұрған. Шетелдіктер келісімшарты біткен соң елдеріне қайтып кетеді. Ал, артында қалған баласына олар алимент төлегісі келмейді. Мұндай жағдай  Польша, Түркия азаматтарымен болды. Оны да осы халықаралық медиация арқылы шешіп жатырмыз, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы