Қазақстан Манделаның немересімен бірлескен қор құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі кешенді әлеуметтік бағдарлама туралы өткен брифингте айтты.

2022 жылғы қарашада тәжірибе алмасу және ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі күш-жігерді біріктіру мақсатында Қазақстанның ауыл әйелдерінің V мерейтойлық республикалық форумын өткізу жоспарлануда. Қатысу үшін халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының және ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі қауымдастықтың басшылары шақырылады, - деді Нөгербеков.

Ол атап өткендей, Тембекиле Манделаның қорымен бірлескен қор ашылатынын айтты.

G-Global Халықаралық Хатшылығы мен «Жасыл экономика» және ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі G-Global-ды дамыту Коалициясының 8 жылдық практикалық тәжірибесін тарату үшін Тембекиле Мандела халықаралық қорымен бірлесіп қор құру жоспарлануда. Қор Қазақстан, Орталық Азия, Кавказ және Ауғанстан әйелдерінің күш-жігерін біріктіреді, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы