Қазақстан қытайлық вакцинаның 1 млн дозасын сатып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Препараттың алғашқы партиясы елге сәуірде жеткізіледі.
BaigeNews.kz хабарлауынша, жақында Қазақстанға қытайлық Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасы әкелінеді.
Бұл Sinopharm компаниясының препараты. Бірақ БАӘ-де өндірілген. Вакцинаның сатып алуды «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры қаржыландырды, - деп хабарлады «СК-Фармация» баспасөз қызметі.
Вакцинаның бір дозасының құны 31,1 доллар екен.
Айта кетейік, Hayat-Vax вакцинасының 400 мың дозадан тұратын бірінші легі елге сәуірдің соңында жеткізіледі. Қалғаны - мамырда әкелінеді деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атышулы әкім Nur Otan-нан шығарылды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы