Қазақстан-қытай шекарасындағы бекеттер жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасындағы мереке күндеріне байланысты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім негізінде «Нұр Жолы», «Достық», «Бақты» автокөлік өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автокөлік («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.
Бұл өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау хабарланатын болады.