Қазақстан-Қытай шекарасындағы 2 өткізу бекеті уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қытайдың шекарасында екі автокөлік бақылау бекеті уақытша жабылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады.
Қытай тарапының «Дуань-У» мерекесін атап өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктері туралы келісімнің негізінде 2021 жылғы 14 маусымда «Нұр Жолы» және «Достық» автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, – деп жазылған хабарламада.
ҚР ҰҚК қазіргі уақытта Қазақстан – Қытай шекарасында 2 темір жол өткізу пункті («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автомобиль («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») жұмыс істейтінін, карантиндік шектеулерге байланысты тек жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатынын еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мөлдір Жаңбырбай Олимпиадаға лицензия жеңіп алды
Өзгелердің жаңалығы