Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді.
Осы құжат Қазақстанның Қырғызстанға әскери мүлікті бір жолғы беруі үшін құқықтық негіз ретінде әзірленді.
Келісімді іске асыру Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлерге тойтарыс беру жөніндегі мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал ететін болады.
Құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 5 қарашаға дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 979 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өзгелердің жаңалығы