Қазақстан Қырғызстанға 25 мың доза QazVac вакцинасын жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасын Қырғызстанға жіберді.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

28 шілдеде ҚР Үкіметі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғызтан Президенті Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізіп, көршілес елге гуманитарлық көмек ретінде 25 мың доза отандық QazVac вакцинасын жөнелтті, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы