Қазақстан қырғыз еліндегі жағдайға қатысты ресми пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Қырғыз Республикасындағы жағдайға қатысты ресми пікірін білдірді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстанда Қырғызстандағы жағдайдың айқындалып келе жатқан тұрақталу үрдісін ризашылықпен қабылдайды. Көрші мемлекеттегі оқиғаларды тек қана ішкі мәселесі ретінде қарастыра отырып, жаңадан құрылған үкіметті қазіргі күрделі саяси жағдайда өз әрекеттерін тұрақтылық, құқық үстемдігі, қоғамды біріктіру, экономикалық даму үшін жағдай жасауға бағыттауға шақырамыз. Елдің барлық саяси күштерінің Қырғыз Республикасы Конституциясының нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтай отырып, дағдарыс жағдайынан абыроймен шығуға мүмкіндік беретін салмақты және іскер шешімдерді іздеуге бар күш-жігерін жұмсайтынына үміт артамыз, – дейді ҚР Сыртқы істер министрі.
Сондай-ақ, министр қос елді қиын кезеңде өзара көмек пен қолдауға негізделетін бауырлас және тату көршілік тарихи қарым-қатынас байланыстыратынын тілге тиек етті.
Біз Қырғызстанның саяси тұрғыдан тұрақты және экономикасы өркендейтін ел болуына, 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы Шарттардың рухындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың ары қарай жалғасуына мүдделіміз, – деді Мұхтар Тілеуберді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көшербаев фарабитанушы ғалымдармен кездесті
Өзгелердің жаңалығы