Ел құрамасы желкенді қайық спортынан лицензиялық Азия чемпионатына қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оманның Маскат қаласында желкенді қайық спортынан лицензиялық Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысып жатыр. 

«Радиал лазер» санаты бойынша Карина Жанғазова мен Яна Белозерова бақ сынаса, «Стандарт лазер» бойынша Руслан Жанғазов пен Владимир Щанкин қатысады. «Стандарт лазер» санаты бойынша жарысқа барлығы 4 елден 14 спортшы, стандарт бойынша 10 елден 24 спортшы лицензия үшін барын салады. 

Құрлықтық бәсекеде барлығы екі жолдама сарапқа салынады.  Жарыс нәтижесі 8 сәуір күні белгілі болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы