Қазақстан құрамасы грэпплинг бойынша 62 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грэпплингтен Қазақстан құрамасы юниорлар арасында спорттық күрес бойынша Ресейде өткен Әлем чемпионатынан 62 медаль жеңіп алды деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жүлденің 17-сі - алтын, 23-і - күміс және 22-сі - қола. Башқұртстан астанасы Уфада 11 тамызда басталған турнирлерге 54 елден 1500 спортшы қатысып жатыр. Ал грэпплинг жарысында 13 елдің, оның ішінде Италия, Испания, Филиппин, Қырғызстан және Әзербайжан құрамасы бақ сынады. Енді ертеңнен бастап тамыздың 22-сіне дейін балуандар грек-рим және еркін күрес бойынша мықтыларды анықтайды. 

Уфа қаласындағы Грэпплингтен Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасында 59 адам келді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған, бәрі тамаша. Біз мұнда Олимпиадалық спорт түрлері – грек-рим және еркін күреспен бірге Дүниежүзілік Күрес федерациясының аясында екінші рет келіп отырмыз. Башқұртстан, Уфа бізді құшақ жая қарсы алуда, - дейді бапкер Мұрат Бермұхамбетов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы