Қазақстан қоржынына Токиодан тағы бір күміс түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Дәулет Теміржан жеңімпаз атанып, ел қоржынына екінші күмісті әкелді.
Дәулет Теміржанның алғашқы бәсекесі татамиге шыққан жоқ. Нәтижесінде спортшымыз келесі айналымға бірден өтті.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда грузиялық Георгий Калданимен кездесті. Нәтижесінде иппон әдісімен жеңіске жетті.
Финалдық бәсекеде Дәулет Теміржан өзбекстандық Феруз Саидовпен белдесіп, иппон әдісімен есе жіберді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын жүлде иеленсе, кеше ғана татамиде өнер көрсеткен жерлесіміз Әнуар Сариев күміс медаль алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәстүрлі оқыту: Мектептерге бөгде адамдар кіргізілмейді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы