Қазақстан көмірқышқыл шығарындылары бойынша 1990 жылғы деңгейден асып кеткен – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.
Global Carbon Atlas-тың 2019 жылғы соңғы деректері бойынша Қазақстан 221 елдің ішінде көмірқышқыл газы шығарындыларының көлемі бойынша 21-орынды, жан басына шаққандағы шығарындылар бойынша 11-орынды және ЖІӨ көміртегі сыйымдылығы бойынша 5-орынды алады, - деді Брекешев.
Ол атап өткендей, парниктік газдардың ұлттық шығарындылары 2019 жылы 364 млн тоннадан асты.
Бұрын мәлімделгендей, Париж келісімі аясында Қазақстан шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 15%-ға, ал халықаралық қолдау кезінде 25%-ға қысқарту міндеттемесін өзіне алды. Алайда бүгінгі таңда шығарындылар 1990 жылғы деңгейден асып кетті. Егер іске асырылып жатқан саясаттарды трансформациялау жөнінде түбегейлі шаралар қолданылмаса, жалпы шығарындылардың өсуі жалғасады және 2060 жылы 473 млн тоннадан астам жетеді деп болжанып отыр, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы