Қазақстан командасы әлем кубогында таеквондодан бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Команда Қытайдың Уси қаласында өтетін әлем кубогіне дайындалып жатыр деп хабарлады Olympic.kz. 

Құраманың аға бапкері Батырбек Есдәулетовтің айтуынша, спортшылар Қытайдағы жарысқа тас-түйін дайын.

"Нұр-Сұлтан қаласындағы жаттығу жиыны ойдағыдай өтуде. 20 тамызда дайындық кезеңі аяқталады. Содан соң, Қытайдағы әлем кубогіне аттанамыз. Бірақ Олимпиада жолдамасынан үмітті үздіктеріміз әлем кубогіне қатыспайды. Руслан Жапаров, Смайыл Дүйсебай және Жансель Дениз қыркүйек айында Жапонияда өтетін Гран-при турниріне дайындалып жатыр", - дейді аға бапкер. 

Айта кетелік, Қытайдағы әлем кубогі 23-25 тамыз аралығында өтеді. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы