Қазақстан клубтары Еуропа лигасында ойнамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бірде-бір командасы алдағы жылы Еуропа лигасына қатыса алмайды.

Қазақстан клубтары Еуропа лигасында ойнамайтын болды. Өйткені 2021/2022 жылғы маусымда Еуропада үш клубтық турнир өтеді. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына Конференция лигасы қосылып жатыр. 

Енді Еуропа лигасының беделі артады. Топтық кезеңде әдеттегідей 48 емес, 32 команда қатысады. Сондықтан УЕФА-ның клубтық коэффициенттер рейтингінде алғашқы бестікте тұрған елдердің 2 командасы қатысса, 6-15 орында тұрғандарға 1 жолдамадан үлестіріледі. Қалғандары Конференция лигасына қатыспақ. 

Қазақстан қазіргі кезде УЕФА-ның клубтық коэффициенттер рейтингінде 27-орында орналасқан. Сол себепті Еуропа лигасына ешқандай команда қатыса алмады. Тек «Қайрат» Чемпиондар лигасында жолы болмай жатса, жарысты әріқарай Еуропа лигасында жалғастыра алады. 

Ал «Тобыл», «Астана», «Шахтер» Конференция лигасында бақ сынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы